Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарлық оқушылар - «2012 жылдың ғылыми жобалары республикалық байқауының үздік тобы»

ПАВЛОДАР. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының оқушылары 24 ақпан күні Алматыда аяқталған байқауда бірінші жалпыкомандалық орын алып, «2012 жылдың ғылыми жобалары республикалық байқауының үздік тобы» сертификатымен марапатталды, деп хабарлайды білім беру басқармасынан.

Павлодарлық оқушылар - «2012 жылдың ғылыми жобалары республикалық байқауының үздік тобы»

Қазақстанның барлық аймақтарының жас зерттеушілері «Қазақстан-2030» стратегиясы тұрғысында Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының үлгілері» тақырыбында 500-ден астам жұмыстарын ұсынды.

Ғылыми жобаға облыстың 14 мектебінен келген 32 автор қатысты. Павлодарлықтар 15 пәндік секциялардың 11-інде жүлделі орындарға ие болды.

Павлодар мен Екібастұздан ғылыми жобалардың тоғыз авторы байқаудың құрмет грамоталарымен марапатталды.