Павлодарлық оқушылар соғыс ардагерлеріне көмектесті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда оқушылардан құрылған еріктілер жасақтары мектеп ауданында тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барды. «Вместе мы не одиноки» акциясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналды, деп хабарлады білім беру басқармасынан.
None
None

Ардагерлер балаларды қуана қарсы алды.

«Бізді Жеңіс күнінде ғана еске алмайтыны өте қуантты. Кез келген уақытта көмек сұрауға болатын осындай жас азаматтардың бар екені жақсы», - деді тыл еңбеккері, қазақ киносының ардагері Елена Ивановна Мақабаева.

«Жас Ұлан» белсенділері ардагерлердің үйлеріне баруға алдын ала дайындалды: олар мектептерінде жәрмеңкелер өткізіп, азық-түлік себеттерін жинап, өлеңдері мен әндерін дайындап барды.

Еріктілер тыл еңбеккері Мағмура Есханқызы Шайморданованың пәтерін жинап, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Ивановна Попованың үйіне барды. Балалар оның үйінің ауласын қардан тазалап, үй шаруасында көмектесті.

Соңғы жаңалықтар