10:45, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодарлық оқушылардың спорттық демалыстары
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодарлық оқушылар қысқы демалыс күндерін облыс орталығының спорт залдарында, мұз айдындары мен шаңғы жолдарында өткізуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жерлерде спорттың алуан түрлерінен жарыстар, турнирлер мен чемпионаттар өтуде. Мектеп командалары арасында волейболдан өткен мерекелік турнир мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресі бойынша «Жаңажылдық кілем» деп аталатын қалалық ашық біріншілік аяқталды. Физкультура және спорт бөліміндегілердің хабарлағанындай, Жаңа жылдың алғашқы күндерінде мини-футболдан «Қысқы демалыстар» турнирі, баскетболдан «Мектеп лигасы» чемпионаты және жеңіл атлетикадан қалалық біріншілік өтеді.