Павлодарлық онкологтарға заманауи компьютерлік томография көмекке келді

ПАВЛОДАР. 25 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне «Philips» фирмасының нәтижелілігі жоғары компьютерлік томографы орнатылды,

Павлодарлық онкологтарға   заманауи    компьютерлік томография    көмекке келді

деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан. Мамандар заманауи аппараттың көмегімен обыр ауруын ертерек анықтай алатын болады.

«Жаңа томографта ағзаны сканерлеудің ұзақтығы түтіктің бір айналымында 1,5-2 секундты шамалайды, ал бұл пациентке түсетін сәуленің әсерін азайтады. Мамандар осы бір сәттің ішінде 1 мыңға жуық сурет түсіре алады», - дейді рентгенология бөлімінің меңгерушісі Нина Столбова.

Жаңа томографпен арнайы біліктіліктерін жетілдірген дәрігерлер жұмыс істейді. Жергілікті медиктерге бұл күрделі аппаратураны игеруге мәскеулік Вишневский атындағы аурухананың профессор-рентгенологы Максим Смирнов көмектесті, ресейлік маман Павлодарда семинар өткізді.

Томограф республикалық бюджеттің қаражатына сатып алынды.