Павлодарлық педагогтар - Бүкілресейлік байқаудың жеңімпаздары

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернаты «Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде 2014-2015 оқу жылының үздік идеясы» Бүкілресейлік байқауында «Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін үздік мекеме» аталымында І орынға ие болды. Бұл туралы білім басқармасының қызметкері Балжан Әділханова хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, мектеп-интернатының педагогтары байқауға үздік жұмыстарын жолдаған - бұл Хролай Шонтаева мен Елена Мещерякованың есту қабілеті нашар балаларға арналған математикадан авторлық бағдарламасы, Евгения Краснощекова мен Светлана Буланцеваның «Денсаулық мектебі», «Отбасы ошағы» әдістемелік құралдары.

Байқауға, сондай-ақ, Бақыт Қайдарованың «Математика сабақтарында логикалық ойлауды дамыту», Анна Классен мен Балқыз Дәндібаеваның «Болашақ мектебі» жұмыстары және педагогтардың өз мектебін көрсетіп, оқушыларының жетістіктері туралы баяндап түсірген «За границами тишины» фильмі жіберілді.

Байқауды мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудегі үздік мамандарды анықтау мақсатымен Мәскеу қаласының «Логомаг» ЖШҚ ұйымы ұйымдастырған. Қазылар алқасының құрамында логопедтер мен дефектологтар гильдиясының президенті Марианна Лынская мен арнайы оқыту және арнайы психология саласындағы жетекші оқытушылар болды.

Соңғы жаңалықтар