09:30, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодарлық педагогтар кәсіби мерекелерін спорттық жарыстармен атап өтті
ПАВЛОДАР. 9 қазан. ҚазАқпарат - Павлодардағы Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы Орталығының педагогтары өздерінің кәсіби мерекесін спорттық жарыстармен және «көңілді старттармен» атап өтті,

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
«Біз тәрбиешілеріміздің арасында салауатты өмір салтын жеке мысалымыз арқылы насихаттауымыз керек. Президент қазақстандықтарға өз денсаулықтары үшін жауапкершілік туралы үнемі еске салып отырады, сондықтан біз мерекелерді жарыстармен атап өтуді шештік. Спорт энергия беріп, ұжымды ұйымшыл етеді», - деп атап өтті орталықтың директоры Наталия Павловская.