Павлодарлық педагогтар жаңа білім технологияларын игеруде

ПАВЛОДАР. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы №42 мектепте оқу-тәрбие үдерісіне білім берудің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі оқыту сабақтарының кезекті семинары өтті,

Павлодарлық педагогтар    жаңа    білім  технологияларын   игеруде

деп хабарлады қалалық білім бөлімінен. Оған қала мектептерінің 167 мұғалімі қатысты.

Шеберлік сабақтарында модулдік технологияның, оқытудың жеке және ұжымдық әдістерінің ерекшеліктері қаралды, мектептердегі шығармашылық топтардың материалдарына сараптамалар жасалды.

12 жылдық білім жүйесіне ауысу педагогтардың алдына қазақстандық білім беру жүйесін қайта құрылымдау, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған жаңа оқыту модельдерді дамыту сияқты міндеттер қойып отыр.