Павлодарлық полицейлер екі адамның өмірін қиған қылмыскерді ұстады

ПАВЛОДАР. 12 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық полицейлер үш тәуліктің ішінде екі адам өлтірілген қылмыстың бетін ашты,

Павлодарлық полицейлер екі  адамның өмірін қиған  қылмыскерді  ұстады

деп хабарлайды Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

4 шілде күні таңертең қаладағы мектептердің бірінің ауласынан пышақталған жас жігіт пен бойжеткеннің мәйіттері табылған болатын. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, шілденің 3-інен 4-іне қараған түні әлгі күдікті достарымен - екі бойжеткенмен және төрт жігітпен ішімдік ішіп алып, осы маңда серуендеген. Сөйтіп жүргенде жас жігіт пен оның қызын кездестірген, араларында кикілжің туындап, соңы төбелеске ұласқан, төртеуі әлгі жігітті соққыға жыққан. Күдікті құрбан болған жігітке бірнеше рет пышақ сұққан. Оны өлтіргеннен кейін қызды да пышақтаған.

Жауап алу кезінде әлгінің «достары» барлық мән-жайды жайып салып, күдіктінің қылмысын ашып берді.