Павлодарлық полицейлер «қауіпсіз демалыс күндерін» өткізді
ПАВЛОДАР. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодарлық полицейлер 5-7 қаңтар арасында өткен «Қауіпсіз демалыс күндері» жедел-алдын алу шарасының қорытындыларын шығарды,
деп хабарлады ІІД әкімшілік полициясы басқармасының қызметкері Жанна Белялова.
Бұл күндері тәртіп сақшылары 25 қылмысты ашты. Атылатын және суық қаруды заңсыз ұстаған сегіз адам, есірткілік заттарды сақтаған екі адам ұсталды.
1 274 бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың арасында 910-ы спирттік ішімдіктерді ішкені үшін, 85-і - ұсақ бұзушылық жасағаны үшін, 72 адам отбасындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды.
Тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 698 отбасылық жанжал шығарушылар, притон құрған 420 адам, 1192 маскүнем және 317 нашақор тексерілді.
Жолдарда жылдамдықты асырғаны үшін 99 жүргізуші, жолдың қарсы жолағына шыққан 46 адам, көлікті мас күйінде жүргізген 72 адам, бағдаршамның тыйым салатын түсіне жүрген 13 адам, көлікпен жүру кезінде ұялы телефонды пайдаланған 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі бұзушылықтар жасағаны үшін 71 көлік айыппұл тұрағына жіберілді.