Павлодарлық полицейлер көшедегі төбелесте әйелді ұрып жыққан ер адамды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ІІД-нің өкілдері Новочерноярка ауылында куәгерлер түсіріп алған «Убили девушку на улице» бейнематериалын көріп, әйелді ұрып жыққан ер азаматты ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Еске сала кетсек, аталған видеода ер адамның әйелді ұрғаны, ауыр жұдырықтан оның жерге сұлап түсіп, қимылсыз жатқаны бейнеленген. Өңірдегі ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер бұзақылық жасады деген күдікпен Новочерноярка ауылының 42 жастағы тұрғынын ұстады. -Үстіміздегі жылдың 31 тамызында күдікті 43 жастағы әйелмен жанжалдасып қалған. Ер азамат ауыл тұрғынын ұрып, жарақаттаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. Оның денсаулығы жақсарған соң қажетті сараптамалар жасалады. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіден ешқайда шықпау жөнінде қолхат алынды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар