Павлодарлық полицейлер мен студенттер ынтымақтастық туралы келісімге отырды
деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Кездесуде қаладағы қоғамдық тәртіпті орнату жөніндегі міндеттер туралы сөз болды. Қонақтың айтуынша, облыс орталығының көшелерін толық бақылау үшін патрульдік қызметке көмекшілер керек.
Студенттерден жасақталған жедел жасақтар өз оқу орындарының аумағындағы тәртіпті қадағалаумен айналыса алар еді. Еріктілер тәртіп сақшыларымен бірлесіп көшелерді күзетуге қатысатын болады.
Жастар арасында құқықтық насихат шараларын жүргізуде де студенттердің көмегі керек-ақ, деп атап көрсетті ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім бастығы Евгений Оскома.
Қонақтар сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қорғаушы көмекшілер үшін қарастырылған жеңілдіктер мен сыйақылар туралы әңгімелеп берді.