08:42, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарлық полицейлер өткен жылдың қорытындысын шығарды
ПАВЛОДАР. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Ішкі істер департаменті облыс басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен кеңесте өткен жылдың қорытындысын шығарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыста өткен жылы 9247 қылмыс тіркеліп, оның 4840 фактісінің ғана беті ашылған, 3278 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, ауыр қылмыстардың, кісі тонау және автокөлік ұрлау қылмыстарының саны азайған. Есірткімен байланысты 305 қылмыс анықталып отыр. Полицейлер сондай-ақ, 94 килә есірткі тәркілеген, оның 13 киләсі - героин. Учаскелік инспекторлар 365 нашақорды, 158 наркопритон ұстаушыны есепке қойған. 463 маскүнем мен 39 нашақор мәжбүрлі емдеуге жатқызылды. Полицейлер 6,4 мың жасөспіріммен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіп, 1,2 мың жасөспірім мен 1,3 мың ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде, кәмелетке толмағандармен байланысты қылмыстар 26,5 пайызға төмендеп отыр. Департамент бөлімдері басшыларының есептерін тыңдап шыққан облыс әкімі полицейлердің де жұмыстарын сынға алды. Б.Сағынтаевтың пікірінше, тәртіп органдары өздері заң бұзатын қатарындағы қызметкерлерден құтылуы, өз міндеттерін атқару жауапкершілігін арттыруы, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуі керек.