08:30, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарлық полицейлер «Рывок» операциясын өткізді
ПАВЛОДАР. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінде «Рывок» операциясының қорытындысы шығарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің тіл саясаты және ақпарат бөліміне сілтеме жасап. Үшкүндік операцияның мақсаты - қарулы шабуылдар мен кісі тонаудың алдын алу және орын алған қылмыстардың ашылу тиімділігін арттыру болды. Операция барысында полицейлер бұрын жасалған 10 қылмыстың бетін ашып, екі қылмыстық топты ұстады.Атап айтқанда, қарулы шабуыл жасаған үш адам тұтқындалып, сондай-ақ ұрлық-қарлықтары үшін іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды.