15:43, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодарлық полицейлер «Тұрмыс» операциясы барысында отбасындағы құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттері үшін 13 азаматты жауапкершілікке тартты
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қарашаның 24-28 аралығында өткізілген «Тұрмыс» операциясы барысында павлодарлық полицейлер отбасындағы құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттері үшін 12 азаматты жауапқа тартты,
деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
Осы күндері тұрғылықты жерлері бойынша 4777 адам тексерілді. Олардың 4456-сы есепте тұрған маскүнемдер және 321 отбасылық басбұзарлар. 112 адам қосымша бақылауға қойылды, 87 адам медициналық айықтырғышқа жатқызылды.
Полицейлермен бірге операцияға «Павлодарлифт» ЖШС қызметкерлері, мемлекеттік емес күзет бөлімшесінің адамдары мен пәтер иелері кооперативтерінің қызметкерлері қатысты.