Павлодарлық полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын ұстады
ПАВЛОДАР. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Ақсу қаласында өткізген шұғыл іс-шараның нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Тексеру кезінде 29 жастағы азаматтан 5,5 грамм героин мен қолдан жасалған бір рет оқталатын 5,6 миллиметрлік атыс қаруы табылды.
Есірткі заттары мен оқпен атылатын қаруды заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұсталған азамат қамауға алынды.