Павлодарлық полицейлер жыл басынан бері 5,5 келіден астам есірткі тәркіледі

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері 5 келіден астам түрлі есірткі тәркіледі,
None
None

деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Павлодар-Омбы тас жолында Церковное селосына бара жатқан бағыттық такси тоқтатылып, оны тексеру кезінде жолаушылардың бірінен есірткі заты - 3,5 келі гашиш табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы 3-ші тармағына сәйкес «сату мақсатында есірткі заттарын сақтау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екібастұзда тоқтатылған автомашинаны тексеру кезінде Жамбыл облысы Шу қаласының тұрғынынан 2 келіден астам марихуана, екінші жолаушы - Екібастұз тұрғынынан 3,07 грамм гашиш табылды. Ал Павлодарда әрқайсысы 1,3 -1,4 грамдай героинмен тағы 4 адам ұсталды. Қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер абақтыға жабылды.

Соңғы жаңалықтар