Павлодарлық сатушыларды алдаған алаяққа іздеу жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының құқық қорғау органдары сатушыларды алдайтын алаяққа іздеу жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Өңірлік ІІД-де хабарлағандай, полицейлер алаяқтың аты-жөнін анықтаған. Ол Павлодар қаласының 1986 жылғы тұрғыны Марат Асатуллин. Қала дүкендерінде ақшаны ұсақ купюраларға айырбастаған сәтте жартысын жасырын, қалтасына салып отырған. Осылайша, сатушыларға 3-4 мың теңге шығын келтірген.

«Тұрғындарды сақ болуға шақырамыз». Ақшаны мұқият санап алып, алаяқтың құрығына түспеуге тырысыңыздар. Егер де күдіктіге қатысты қандай да бір ақпарат болса немесе оның қайда жүргенін білсеңіз, дереу 8(7182)-39-15-01, 39-15-11, 39-15-43 және 102 нөмірлеріне қоңырау шалыңыздар», -деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар