Павлодарлық статистер отбасыларды мульти-индикаторлы кластерлі зерттеуді бастады

ПАВЛОДАР. 11 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық статистика департаментінің сұхбат алушылары қараша айында мульти-индикаторлы кластерлі зерттеуге қатысушы отбасыларды аралай бастады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Павлодарлық статистер отбасыларды мульти-индикаторлы кластерлі зерттеуді бастады

МИКЗ ел аумағында қазан айында басталып, 2011 жылдың ақпанына дейін жалғасады. Республика аумағында 16 000-нан астам отбасыға сұрау салынады, оның ішінде 1 176-сы Павлодар облысында. Жауаптардың шынайылығынан зерттеудің жалпы нәтижелері шығарылып, осыған сәйкес ана мен бала мәселелеріне арналған ұзақ мерзімді үкіметтік бағдарламалар жасалады.