Павлодарлық суретшілердің шығармаларында жеңіскер-жауынгерлердің бейнелері ұсынылған

ПАВЛОДАР. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық көркемөнер мұражайында Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған көрме ашылды.
None
None

Экспозицияда - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 24 портреті. Жеңіскер-жауынгерлердің  көркем галереясын Жеңіс күнінің қарсаңында танымал павлодарлық суретшілер Бота Машрапов, Виктор Поликарпов, Әнуар Игембаев, Ғалым Қаржасов және тағы басқа қылқалам шеберлері құрған.

 «Сіздер - халқымыздың мақтанышысыздар. Соғыс жылдарының барлық ауыртпалығын бастан өткізген сіздердің батырлықтарыңыз соғыстан кейінгі ұрпақтар үшін ерлік пен мұқалмас қайраттың үлгісі болып табылады. Сізге өте ризамыз, және Жеңіс күнін әрқашан мерекелейміз», - деді облыс әкімі Ерлан Арын вернисаждың құрметті қонақтарына арнаған сөзінде.

Ардагерлер соғысқа қатысқан суретшілер  Ипполит Виноградов пен Иван Лагутиннің майдандық суреттерімен үлкен қызығушылықпен танысты. Қағаздың сарғайған беттерінде - қарулас достардың бейнелері, ұрыстар арасындағы демалыс және майдандық пейзаждар. Қазір бұл батырлық заманының бірегей құжаттары болып табылады.

Ардагерлер көрмеден өздерінің портреттерін алып кетті. Суретшілер оларды соғысқа қатысушыларына әлемді фашизмнен құтқарған адамдарға құрметі мен ризашылығы ретінде сыйлады.

Соңғы жаңалықтар