Павлодарлық «Ямб» жас таланттарды шығармашылыққа үйретеді

ПАВЛОДАР. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодарлық 19 жасар ақын Настя Сидоруктің екінші өлеңдер мен әңгімелер жинағы «Екеуге арналған кофе» деп аталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ол мектепте оқып жүргеннен бастап оқушылар сарайындағы «Ямб» студиясында қаламгерлік машығын ұштап келеді. Алғашқы өлеңдері 14-17-жастағы студиялықтардың ? ақындар мен прозашылардың жинағында жарияланды. Жас әдебиетшілердің шеберліктерінің кемшін тұстарын тың және шынайы сезімдермен беру, жаңа тақырыптармен және өзіндік жарқын көріністерімен сипаттау толықтырады.Студия жұмыс істеген он жыл ішінде шығармашылықпен айналысатын оқушылардың саны да өсті ? жыл сайын «Ямбға» қолына қалам ұстаған қырықтан астам оқушы келеді. Табан аудармай жетекшілік етіп келе жатқан Людмила Прокаевамен бірге жас әдебиетшілер мұнда жазуға машықтанады, өз туындыларына талдау жасайды және алғашқы сыншыларының пікірлеріне құлақ асады. Студиялықтар бірлесе отырып, демеушілердің арқасында жарыққа шығатын жинақтарда жариялауға арналған үздік туындыларды таңдайды. «Ямблықтар» 13 кітапша шығарып үлгерді, олар жастар арасында кең қолдауға ие болып отыр.
Соңғы жаңалықтар