08:55, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодарлық жас спортшылар - Америкада өткен арнаулы Олимпиадалық ойындардың чемпиондары
ПАВЛОДАР. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Американың Бойс қаласында аяқталған қысқы арнаулы Олимпиада ойындарының жас жеңімпаздарын павлодарлықтар ыстық ықыласпен қарсы алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа әлемнің 100 елінен 2,5 мың спортшысы қатысты. Қазақстан құрамасының қатарында өнер көрсеткен үш павлодарлық спортшы конькимен жүгіруде үш алтын, екі күміс және екі қола медальды жеңіп алды. Бір алтын, бір күміс, бір қола медальды 14 жасар Саша Галинский олжаласа, Рәбиға Майданова пен Валентина Бирецкая екі-екі медальдан иеленді. Чемпиондар Павлодардағы №4 коррекциялық мектеп-интернатында оқиды. «Біздің балаларымыз арнаулы Олимпиадалық ойындарға алғаш рет қатысты, олар ерік-жігерлерінің арқасында жеңіс тұғырынан көрініп отыр», дейді жас спортшылардың жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Николай Волошин.