Павлодарлық жас зерттеушілердің жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсында 21 жүлделі орын алды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық оқушылар балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» V республикалық конкурсында 21 жүлделі орын жеңіп алды,
None
None

деп хабарлады «Ертіс дарыны» орталығынан.

Қаңтардың 7-8-і күндері Алматыда өткен бұл конкурсқа еліміздің барлық облыстарынан жас зерттеушілер қатысты.

Павлодарлықтар конкурста 37 жобаны таныстырды. Алтыншы сынып оқушысы Даниял Жұмаштың, төртінші сынып оқушысы Филиип Вахитовтың, екібастұздық оқушылар жетінші сыныптық Аида Сыздықова мен төртінші сынып оқушысы Ксения Жилинаның авторлық жұмыстары бірінші орын алды. Павлодарлық тағы 10 оқушының жұмысы - екінші, жеті баланың жобасы үшінші орынды қанағат тұтты. Тағы тоғыз жобаның авторлары құрмет грамоталарымен марапатталды.

Тәрбиеленушілері қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы да «Зерде» конкурсының дипломымен атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар