11:55, 10 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодарлық жасотандықтар қалалықтарға қазақ тілінің сөздігін сыйлады
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Жасотандықтар Павлодардың басты көшесінде Қазақстанның тарихын білуге арналған викторина өткізді.
Дұрыс қайтарған жауаптары үшін оның қатысушылары - студенттер, мектеп оқушылары және көшедегі кездейсоқ адамдар сыйға қазақ тілінің сөздігін алды.
Жеңімпаздардың басым бөлігі - орта және аға буын өкілдері. Олар халық батырларының, үш жүз билерінің аттарын және Қазақстанның алғашқы астанасының атауын жаңылыспай айта білді.
«Сыйлықтар берілген, ел тарихын білуге арналған акция мемлекеттік тілді уағыздау нысандарының бірі болып табылады», - деді «Жас Отан» жастар қанаты Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Рақымжанов.