Павлодарлық жасотандықтар «Мейірімділік марафоны» концертін ұйымдастырды

ПАВЛОДАР. 12 желтоқсан. Қазақпарат - Кеше Павлодардың қазақ музыкалық-драма театрында «Мейірімділік марафоны» өтті. Шығармашылық ұжымдар мен Кереку өңірінің жас жұлдыздары өнер көрсеткен концертті жергілікті жасотандықтар жастар ісі жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырды.

Павлодарлық жасотандықтар «Мейірімділік марафоны» концертін ұйымдастырды

Билеттерден түскен қаражат «Самал» қоғамдық оңалту орталығына  тапсырылды. Онда емделетін сал ауруына шалдыққан науқас балалар үшін бұл концерт игі бастама, нағыз мереке болды.

«Біздің белсенділеріміз балаларға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөліп, көмек беруге тырысуда. Бұл бізді қуантады. Біз әрі қарай да оңалту орталығына көмектесуді көздеп отырмыз»,  деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Сапар Шалабаев.