Павлодарлық жастар арасындағы әлеуметтік жарнама байқауы өз мәресіне жетті
ПАВЛОДАР. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар мемлекеттік университетінде жастар арасындағы «SAPA» - «Social Advertisement Pavlodar Award» әлеуметтік жарнама байқауы өз мәресіне жетті,
деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Өңір бойынша дәстүрге айналған шығармашылық жобада шығармашылық ұжымдардың, жарнама агенттіктері мен жеке авторлардың 100 үнпарақтары, аудио және бейнероликтері қаралды.
Оқушылар сарайы жанындағы «Мұрагер» тарихи-өлкетанушылық клуб бәйге жеңімпазы атанды, бұл шығармашылық ұжым сталиндік репрессия құрбандары жайлы ролик түсірген. Олар сондай-ақ «Ең үздік сценарий» бөлімінде де жеңімпаз деп танылды.
«Дебют» аталымы бойынша облыстық Студенттер альянсы әзірлеген Азиада туралы сюжет бас жүлдені алды.