Павлодарлықтар астық алқабының 10 пайызын жинады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында астық алқабының 10 пайызы орылып алынды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы басқармасы. Биылғы жылы 600 мың гектар алқапқа орақ салынбақшы.

Павлодарлықтар астық алқабының 10 пайызын жинады

Орақ науқаны негізінен облыстың солтүстігінде - аймақтың ірі астықты өңірі Ертіс ауданында жүріп жатыр. Мұнда 230 мың гектар алқапта сапалы дәнді дақыл өсірілді, жергілікті астық жабысқақтығының жоғарылығымен даңқы шыққан.

- Егін орағына 700 комбайн қатысуда, олардың 200-і су жаңа мәшинелер, - деді аудан әкімі Владимир Левченко.