Павлодарлықтар қала күнін атап өтуде

ПАВЛОДАР. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлықтар бүгін Қала күнін тойлау аясында дәстүр бойынша Отан қорғаушылардың Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.
None
None

Қаланың туған күніне жаңа заманауи мектеп, жасанды көгалы бар спорт алаңы мен салынып жатқан Усоль ықшамауданында гүл бағы сыйға тартылды.

Орталық алаңдағы мерекелік шаралар театрландырылған көріністен қаланың сыйлы азаматтары мен алтын тойларын атап өткен отбасылық жұптарды марапаттау рәсіміне жалғасты. Үздік аула, үй, подьезд үшін жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Одан кейін қала күнін тойлауға арналған өзге де мерекелік шаралар өткізілді.

Соңғы жаңалықтар