Павлодарлықтар ҚР Президентіне екі жаңа өндірісті таныстырды

ЛОДАР. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен бейнеконференция кезінде екі жаңа инвестициялық жоба таныстырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнай-химия зауытында сутегін өндіру жөніндегі  қондырғы іске қосылды. Жаңа өндірістік нысанды іске қосу ақшыл мұнай өнімдерін күкірт қоспаларынан тереңдетіп тазартуға мүмкіндік береді, деп баяндады ҚР Президенті Н.Назарбаевқа  Павлодар облысының әкімі Б.Сағындықов.  Бұл өнімнің сапасын, оның экологиялық  қасиетін жақсартады және  ЕВРО-3 және ЕВРО-4 стандарттарына өтудің алғашқы қадамы болады.

Қондырғыны  швейцарлық «Кох Глитч»  инжинирингтік компаниясының жобасы бойынша, әлемдегі жетекші саналатын компания бір жарым жыл ішінде орнатып берді. Инвестиция көлемі 5,8 млрд. теңге құрады, бұл кәсіпорынның өз қаржысы.

Аймақ басшысы мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту жөніндегі ҚР Президентінің  тікелей тапсырмасы орындалды деп атап  өтті.

Соңғы жаңалықтар