Павлодарлықтар танымал қоғам қайраткері Оралбек Қожановты мерейтойымен құттықтады

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Оралбек Қожанұлы Қожанов Ермаков (Ақсу) ауданының Грязновка ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Семейдің малдәрігерлік институтын тәмамдаған, зоотехник, содан кейін Железин аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған, Баянауылдағы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған. Қазақстан Коммунистік партиясының Екібастұз аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған - сол жылдары мұнда күшті Мемлекеттік аудандық элестр стансалары, көмір разрездері салынып, қала құрылысы жүрген еді.
Еңбек демалысына шыққан О.Қожанов Қ.И.Сәтбаев атындағы қоғамдық тарихи-географиялық қорына басшылық етті. «Халық есінде», «Академик Қ.И.Сәтбаев жерлестерінің есінде» атты кітаптарды құрастыруға, Павлодарлық Ертіс бойында туған ғалымдар туралы естелік күнтізбені шығаруға қатысқан.
Аймақтың су және минералды қорлары, оның қазіргі жағдайы мен өткені туралы ондаған кітаптар, «Ой әшекейлері», «Барлығы жолдардан басталады» естеліктері өмірге жолдама алды. Оралбек Қожанұлы Меккеге екі рет қажылық сапар жасаған.
Көп жылғы жемісті еңбегі үшін О.Қожанов Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған.