Павлодарлықтар жерлестері Кеңес Одағының Батыры Қ.Сұрағановтың 90 жылдығын атап өтті

ПАВЛОДАР. 26 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында Кеңес Одағының Батыры Құдайберген Сұрағановтың (1921-2008) 90 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкен» атты еске алу кеші өтті.

Павлодарлықтар  жерлестері Кеңес Одағының  Батыры  Қ.Сұрағановтың 90 жылдығын  атап өтті

Бұл туралы Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Құдайберген Мағзұмұлы Павлодар облысы Қашыр ауданының Сұлуағаш ауылында дүниеге келген. 1940 жылдың қазан айында 19 жастағы жас мұғалім әскер қатарына шақырылады, бір жылдан кейін лейтенант майданға аттанады.

Ержүрек жауынгер елге Кеңес Одағының Батыры болып оралады. Көптеген наградаларының қатарында "Ленин", "Қызыл жұлдыз", І дәрежелі "Отан соғысы" ордендері, медальдар бар.

Батырға арналған көрмеге келушілер атақты жерлестерінің өмірімен кеңінен танысып, фотосуреттерін, құжаттары мен жеке заттарын көрді. Павлодарда Құбайдерген Сұрағановқа Жеңіс даңғылында мүсін орнатылған, ол оқыған педагогикалық училищеде ескерткіш тақта ашылған.

Еске алу кешіне Батырдың туыстары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қала жұртшылығы мен павлодарлық жастар қатысты.