Павлодарлықтарды «Халықтық ІРО» туралы нұротандықтардың кеңсесінде ақпараттандырды
ПАВЛОДАР. 16 тамыз. ҚазАқпарат - 15 тамыз күні «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар облыстық филиалында «Азаматтарды «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру бойынша қабылдаудың бір күні» өтті.
Павлодарлықтар ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алудағы пайда және болуы мүмкін қауіптерді бағалауға мүмкіндік беретін бұл бағдарлама туралы толық шынайы ақпарат алды. Қалалықтардың сұрақтарына «Қазпошта»АҚ-ның мамандары мен өкілдері жауап берді.
Нұротандықтар ұйымдастырған тұрғындар арасындағы кеңес беру-түсіндіру жұмысы олардың қаржылық-инвестициялық сауатталығын жақсартып, бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қызығушылығын арттырады.