Павлодарлықтармен 40-қа тарта ірі логистикалық орталықтар картоп өнімін сатып алу бойынша келісімшарт жасаспақ

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов хабарлады. Н. Әшімбетовтің айтуынша, Павлодар облысы бүгінде еліміздегі картоп өнімін өндіретін ірі өнеркәсіптердің бірі. - Өнеркәсіп өнімдері тек суармалы егін шаруашылығының алқаптарында өндіріледі. Ал Павлодар өңірі республика бойынша суармалы алқаптың ең үлкен бөлігіне ие. Картоп өніміне биылғы жылы 17 мың гектар жер бөлінген. Облысымызда жеке қоныстар мен саяжайларды санамағанда 50 мың гектар жерде бұл азық түрі өсірілуде, - деді Н. Әшімбетов. Сондай-ақ, Н. Әшімбетов, былтырғы жылғы статистикалық көрсеткіштерде Павлодар облысы республика бойынша картоптың 23 пайызын өндіргенін атап өтті. Бұл көрсеткіш 350 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығының вице-министрі Сапархан Омаров пен аймақ басшысы Қанат Бозымбаевтың Достық үйінде өткен бизнес-кездесуі барысында жәрмеңкеге қатысушылар павлодарлық картоп сапасының жоғары екендігін атап өтті.