19:21, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітінде 2,8 миллион адам құлшылық етеді
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдолла бен Абдулазиз Мәдинадағы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітінің көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстарының ресми түрде басталуына рұқсат берді.

ҚМДБ мәліметінше, Аллаһ қаласа, 2040 жылы құлшылық үйі толық пайдалануға беріледі де жоспарлануда. Ғибадат үйінің алғашқы кезеңі аяқталғанда қосымша 800 мың мұсылман бір мезгілде намазға тұра алады. Екінші кезеңінде тағы да осыншама адам құлшылық ете алады.
Мешіт айналасындағы жер телімдерін сатып алудың өзіне 6,5 миллиард АҚШ долларын жұмсау қарастырылған. Сондай-ақ, ғибадатхананың жанына 23 алып қонақүйлер салу да бас жоспарға енгізілген.
Сауд Арабиясы билігі Мәдинадағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітін жаңғыртумен қатар Меккенің де инфрақұрылымын дамытуды қолға алмақ. Ол бойынша жаңадан қонақүйлер бой көтеріп, жерасты жолдары іске қосылады.