12:59, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
                                        Пенитенциарлық жүйенің оңтүстіктегі бөлімшелері бірінің басшысы парамен ұсталды
                                            АСТАНА. Қаңтардың 19-ы.  ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ - Пенитенциарлық  жүйенің  оңтүстіктегі бөлімшелері  бірінің басшысы    пара  алу  үстінде   ұсталды, 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                    
 деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу күшіне енген сияқты. Жүйелі және мақсатты жүргізіліп отырған жұмыстар осыны айқын көрсетіп отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, пенитенциарлық жүйенің оңтүстіктегі бөлімшелері бірінің басшысын пара алу үстінде ұстады. 
Тергеу мүддесі мен былайғы іс-шараларды жүзеге асыру үшін оқиғаның нақты қай облыста болғаны жария етілмейді, деп атап көрсетті комитеттегілер. Тек, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын қуаттады.