Пентагон ғимаратының жанында орын алған атыс-шабыстан 3 адам зардап шекті
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Вашингтонда Пентагон ғимаратының маңында атыс болды.
Оқиға АҚШ Қорғаныс министрлігі кешеніне жақын жердегі метро стансысына кіреберісте орын алды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
3 адам зардап шегіп отыр. Оның екеуі - қорғаныс ведомствосының екі күзетшісі, ал үшінші зардап шегуші - атысты ұйымдастырған адамның өзі. Қазір олардың бәрі ауруханаға жатқызылды, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ.
Оқиғаның себебі туралы әзірге ештеңе айтылмай отыр. Құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайдың мән-жайын тексеруде.