Пентагон Грузия мен Балтық елдерінің әскерилеріне көмек көрсету бағдарламасы туралы жария етті
АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат -Пентагон Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы операцияларға қатысу жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту үшін Грузия, Латвия, Литва, Эстония, Хорватия және Мажарстан елдерінің Қарулы Күштеріне көмек көрсету ниетін жариялады. Бұл туралы жұма күні АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Брайан Уитмэн мәлім етті,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Б.Уитменнің айтуынша, әскери ведомство АҚШ Конгресіне сәйкес бағдарламалар туралы хабарлама жөнелтті. Пентагон өкілінің атап көрсетуінше, аталмыш бағдарламалар «жоғарыдағы елдердің Ауғанстандағы тұрақтылықты сақтау жөніндегі бағдарламаларды АҚШ-пен бірлесіп жүзеге асыруына» бағытталған.