Пентагон: Ирактағы лаңкестіктер әскердің шығарылу кестесіне әсер етпейді

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Ирактың қауіпсіздік саласындағы жағдайдың тек «күрт ушығуы ғана» американдық әскерлердің елден шығарылуын баяулата алады.
None
None

Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы Джефф Моррелл журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Оның айтуынша, сәрсенбі күні Бағдадтан 60 шақырымдай жердегі Баакуба қаласында болған жарылыс, Ирактағы басқа да лаңкестік әрекеттер сияқты американдық жауынгерлердің үйлеріне оралу кестесіне әсер етпейді. «Ол әрекеттер сайлауалды үдерісіне де кедергі бола алмайды, үкіметтің тұрақсыздығына да әсер етпейді», - дейді нық сеніммен Моррелл мырза.

Наурыздың 7-сі күні Иракта парламенттік сайлау өтуі керек. Дегенмен, Обама әкімшілігі, сайлаудан кейін елде конфессияаралық қақтығыстардың жаңа ошақтарының тұтану мүмкіндігіне алаңдаушылық білдіруде.

Соңғы жаңалықтар