Пентагонның атауын өзгерту 2 млрд доллар шығынға түсуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Қорғаныс министрлігін «Соғыс министрлігі» деп қайта атау шамамен 2 миллиард доллар тұруы мүмкін. Бұл — мыңдаған маңдайша жазуларды ауыстыруды, цифрлық кодтарды қайта жазуды, жаңа бланкілер, плакаттар мен белгілер жасауды қажет етеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Изменение названия Пентагона может обойтись в 2 млрд долларов
Фото: Википедия

NBC News дерегіне сәйкес, Конгрестің төрт жоғары лауазымды қызметкерінің айтуынша, тек жаңа ресми бланкілер мен маңдайшаларды ауыстырудың өзі 1 миллиард долларға жуық шығын келтіреді.

Атауды өзгерту кезіндегі ең қымбат кезеңдердің бірі — ведомствоның барлық ішкі және сыртқы веб-сайттарындағы, сондай-ақ құпия және ашық жүйелердегі бағдарламалық қамтамасыз етудегі цифрлық кодтарды қайта жазу болады.

Пентагонның ресми өкілі Шон Парнелл соңғы нақты шығын мөлшері әлі белгіленбегенін айтты.

Қазір «Соғыс министрлігі» атауы Қорғаныс министрлігінің бейресми баламасы ретінде қолданылады. Ал ресми атауды өзгерту үшін Конгрестің мақұлдауы қажет. Сенат пен Өкілдер палатасындағы конгрессмендер қыркүйек айында осы мәселе бойынша заң жобасын ұсынған.

Алайда Кентукки штатынан сайланған республикалық сенатор Рэнд Пол бұл бастаманы ашық сынға алып, оны «соғысты дәріптеу қаупі бар» деп атап, заң жобасын қабылдатпау және оған қаржы бөлуді тоқтату үшін оппозицияны өзі басқаратынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға дереу ядролық қаруды сынақтан өткізуді бастауды тапсырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар