17:18, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Пензалықтар Батыс Қазақстан облысымен тығыз байланыс орнатпақ
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 26-сында БҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Ноғаев осы өңірге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Пенза облысы делегациясы басшыларын қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пенза облысы ТМД елдерімен байланыс жөніндегі комитет төрағасы, губернатордың кеңесшісі Октябрь Желтиков пен Пенза сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Владимир Паршин бастап келген меймандар сондай-ақ батысқазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларымен де кездесті.
Кезінде Қазақстанда, соның ішінде батыс өңірде лауазымды қызметтер атқарған О.Желтиков қазақ елімен қарым-қатынаста өнеркәсіп саласына ерекше мән берілетінін атап өтті.
Қонақтар түрлі салалар бойынша әріптестерімен жүздесіп, кәсіпорындарда болып, тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр.