Перизат Қайраттың адвокаты: үкім заңсыз, аппеляциялық тәртіппен даулаймыз

АСТАНА. KAZINFORM — Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарды.

Перизат Кайрат
Фото: Perizat Kairat/ 01pk/ instagram

— Үкімді заңсыз және негізсіз деп санаймын. Біз оны аппеляциялық тәртіппен даулаймыз, барлық уәжді апелляциялық шағымда келтіреміз, — деді Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, үкімді жариялағаннан кейін Перизат Қайрат пен анасы ауыр психологиялық күй кешіп отыр. 

Сондай-ақ қорғаушы Перизат Қайраттың жәбірленушілерге келтірген шығынды қалай өтейтінін айтты. 

— Тәркіленген мүлік бар, яғни 4 автокөлік, 4 пәтер және жеке тұрғын үй. Бастапқы бағалауға сәйкес, олардың жалпы құны шамамен 1 миллиард теңге, — деп жауап берді адвокат.

Бұған дейін адвокат Перизат Қайратты кінәсіз деп мәлімдеген еді

Айта кетейік, сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталды
Сонымен қатар Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева жәбірленушілердің шығынын өтеуге міндеттелді

Одан бөлек сот үкімінде Перизат Қайрат пен анасынан қанша қаржы мен мүлік тәркіленгені айтылған

Сол сияқты сот Перизат Қайратты «Шапағат» мемлекеттік наградасынан айыруды ұйғарды

Соңғы жаңалықтар