Пермьдегі өрт кезінде зардап шеккен 21 адамның жағдайы аса ауыр
АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Пермьдегі өрт кезінде зардап шеккен 21 адамның жағдайы аса ауыр.
Бұл туралы бейсенбі күні Ресейдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның 5-іне қараған түні Пермьдегі түнгі клубтардың бірінде болған өрттің салдарынан 120-дан астам қаза тапқан болатын. Көз жұмғандар саны күннен күнге өсіп те барады. Ал 130-дан астам жаралыны Пермь, Санкт-Петербор, Мәскеу және Челябі ауруханалары қабылдады.