Пермьдегі өрт құрбандарының саны 113-ке дейін өсті, қалада опат болғандар жерленуде

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Пермьдегі «Ақсақ ат» түнгі клубында болған өрт құрбандарының саны 113-ке дейін өсті - дүйсенбі күні таңертең ауруханаларда бір бойжеткен мен бір ер адам көз жұмды,

Пермьдегі өрт құрбандарының саны 113-ке дейін өсті, қалада опат болғандар жерленуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Бүкілресейлік қаралы күні Пермьде опат болғандар жерленуде.

Өрт салдарынан 120-дан астам адам зардап шекті. Пермьнің ауруханаларында 21 зардап шегуші қалып отыр; Мәскеуде, Петерборда және Челәбіде дәрігерлер 91 адамға көмек көрсетуде. 70-ке жуық зардап шегуші өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. РФ Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша қазіргі сәтте 28 ауру аса ауыр күйде қалып отыр.