Пермьдегі өрт құрбандарының саны 139 адамға жетті

АСТАНА.  Желтоқсанның  11-і.  ҚазАқпарат - Пермьдегі  өрт құрбандарының саны 139 адамға жетті, ауруханаларда   91  зардап шегуші  жатыр, 

Пермьдегі  өрт құрбандарының  саны  139 адамға жетті

 деп   хабарлады Ресейдің   Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Бүгін түнде  Мәскеудегі   Склифосовский атындағы   Жедел жәрдем  ғылыми-зерттеу  институтында   тағы  үш  адам көз жұмды.

Ресей премьері Владимир  Путин  кеше  үкімет   президиумында  сөйлеген сөзінде,  Пермьдегі  «Хромая  лошадь»   клубының  жұмысында   көптеген заңбұзушылықтардың  анықталғаны  туралы хабарлап, «Пермьдегі    қайғылы оқиға      бюрократияның барлық  кем-кемтігін,  оның   жемқорлыққа белшеден  батып, бизнеспен ымыраласып кеткенін     жария  еткенін»  мәлім етті.

Путин   бейсенбі күні сондай-ақ,  желтоқсанның 5-інде Пермьдегі    өрт   оқиғасы мен    қарашаның 27-сіндегі  «Нева  экспресі»   пойызының апаты салдарынан   қаза тапқандар  мен  зардап шеккендердің  отбасыларына  көмек көрсету  туралы   өкімге  қол қойды,  деп хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.