Пермьдегі өрт туралы іс бойынша қамауға алынғандарға айыптар тағылды
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Пермь клубындағы өрт туралы іс бойынша тұтқындалған төрт азаматқа айыптар тағылды. Оларға «Адам денсаулығына абайсыз ауыр зардап келтіру, сондай-ақ екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері» бойынша айып тағылуда,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушылардың барлығы болатын пиротехникалық шоу туралы, сондай-ақ көп адам қатысатын шара өткізу кезінде отшашуға салынған тыйым туралы білген.
Пермьдегі «Хромая лошадь» клубында өткен мерекелік шараға 300-ге жуық адам жиналған. Өрт басталған кезде, адамдардың арасында үрей туындап, қыспақ орын алған. Қайғылы оқиғаның салдарынан 113 адам опат болды.