Пермь қаласында түнгі клубта болған жарылыстың салдарынан 102 адам мерт болып, 138 адам жараланды

АСТАНА.  Желтоқсанның  5-і. ҚазАқпарат -   Бүгін түнде Ресейдің Перь қаласындағы түнгі клубтардың бірінше қуатты  жарылыс болып,  оқиға салдарынан 102 адам   қаза тапты.   Тағы 138 адам түрлі  жарақат   алды, 

Пермь  қаласында түнгі клубта болған  жарылыстың салдарынан 102 адам    мерт болып, 138 адам жараланды

 деп   хабарлайды  РБК агенттігі.

 РФ Төтенше жағдайлар  министрлігінің  Пермь өлкесі  бойынша Бас басқармасынан  хабарлағандай,  зардап шеккендердің  көбісі  күйік   және  бас сүйек  жарақаттарымен  ауруханаға    түскен.     Дәрігерлер олардың жартысынан  астамының  жағдайын     өте ауыр  деп бағалап  отыр.  

 Жарылыс    жергілікті  уақыт  сағат 1.00-лерде (мәскеу уақыты  бойынша 23.00)   Куйбышев көшесіндегі  «Хромая  лошадь»   түнгі клубында   болған.    Клубтағы  адамдар     мерекелік   кешті  тойлап жатқан.

 Оқиға кезінде клубта  қанша адамның болғаны туралы әзірге мәлімет  жоқ.  Шамамен   250  адам   болған деген мәлімет  бар.  Бірақ,  ғимараттағы адамдардың саны   одан  1,5-2 есе    көп болуы да  мүмкін.    Қаланың  орталығында  орналасқан   клуб-мейрамханаға 450  адам   сияды.

 Кейбір мәліметтер  бойынша,  қайғылы оқиға     жабық  жайда    пайдалануға тыйым  салынған отшашуларды  ұшырудың салдарынан    орын  алған.   Соның салдарынан  өрт   басталып, адамдар   ғимараттан  шығып үлгермеген.   Оған қоса,  шығаберісте     үлкен кептелек   болып, адамдардың көбісі  сол  жерде  мерт болған.

400 шаршы метрдей  ауданға жайылған өрт 3 сағаттан кейін  ауыздықталған.   Оқиға  орнында    тергеушілер тобы  жұмыс істеуде.  Факті  бойынша       РФ  Қылмыстық кодексінің  219-шы  бабы 3-ші тармағы бойынша  қылмыстық  іс қозғалды.

Ресей  Президенті Дмитрий Медведев    Премьер-министр  Владимир  Путинге,   Төтенше жағдайлар  министрі   Сергей Шойгу  мен Бас прокурор   Юрий Чайкаға   оқиғаның    мән-жайын    егжей-тегжей    тексеру     және  зардап шеккендерге    қолдан келген көмекті  көрсету туралы  тапсырма  берді.