Перуда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Перудің оңтүстік-шығысында қатты соққан желдің салдарынан әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.
None
None

Хунин департаментінен елдің орталығындағы Тайякаха провинциясына (Хуанкавелика департаменті) әскерилерді әкеле жатқан ұшақ Апуримак және Эн өзендерінің алқабына қону кезінде апатқа ұшыраған. Апат салдарынан мерт болғандар жоқ, бірнеше адам болмашы жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар