Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Перуде екі жер сілкінісінен алты адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Перудің орталық бөлігіндегі таулы аймақта болған екі жер сілкінісі салдарынан кемінде алты адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.

Шесть человек погибли после двух землетрясений в Перу
Фото: profimedia

Елдің Азаматтық қорғаныс қызметі басшысының мәліметінше, жер сілкіністері сенбі күні кешке Хунин өңіріндегі Чупака провинциясында тіркелген.

Перу Ұлттық сейсмологиялық орталығының X әлеуметтік желісінде жариялаған ақпаратына сәйкес, жер сілкіністерінің магнитудасы 5,1 және 3,7 болған. Табиғи құбылыс Лимадан шығысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде орналасқан Чупака провинциясында орын алды.

– Бірінші жер сілкінісінің ошағы 24 шақырым, ал екіншісінікі 18 шақырым тереңдікте орналасқан, – делінген Ұлттық сейсмологиялық орталықтың хабарламасында.

Қазір өңірде зардап шеккендерге көмек көрсету және жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Перуде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған еді.