23:27, 15 Наурыз 2014 | GMT +5
Перуде күшті жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің оңтүстігінде тербелісі 6,1 жер сілкінісі болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулерінің кіндігі Паракас қаласынан 27 шақырым жерде болды. Қиратулар мен құрбан болғандар туралы мәліметтер түскен жоқ.
Еске сала кетейік, 2007 жылы Перудің оңтүстігінде болған қуатты жер сілкінісі Ика қаласының 600 тұрғынының өмірін қиды, тағы 85 мың адам үй-күйсіз қалды.