09:23, 10 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Перуде матч кезінде футболшыға жай түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің «Спорт Аккуила» клубының футболшысы найзағайдан зардап шекті. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Оқиға Перу кубогі үшін «Фуэрза Минера» командасына қарсы матч кезінде орын алды. Екінші тайм басталар алдында жаңбыр жауып, күн күркірей бастаған. Найзағай жарқылдап, ол тікелей Жоао Контрерасқа түскен.
Ойын тоқтатылып, зардап шеккен футболист ауруханаға жеткізілді. Спортшының жағдайы ауыр. Дәрігерлер оның аяғын үшінші дәрежелі күйік шалғанын тіркеді.
Басылымның мәліметтері бойынша, Контрерастан басқа, жай отынан жақын маңда болған Абраам Лоаиза мен футболист Хулио Риос жапа шекті.