Перуде шахтаға жасалған шабуылдан тоғыз адам қаза тапты

Перуде қарулы адамдардың Патас провинциясындағы шахтаға жасаған шабуылы салдарынан кемінде 9 адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Бұл туралы сенбі күні елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

9 адам көз жұмды
Фото: pixabay.com

«Либертад аймағының Патас провинциясында орналасқан «Подероса» тау-кен компаниясының нысандарына қарулы қылмыскерлер тобы кіріп, компанияның қауіпсіздігімен қақтығысты, сонымен қатар төрт адамды кепілге алды», - делінген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлер шахта ішінде жарылғыш затты іске қосып, нәтижесінде 9 адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған. 

«Полиция жағдайды бақылауға алды. Әзірге жеті қылмыскер ұсталып, қару-жарақ тәркіленді», - деп хабарлады министрлік. 

RPP радиостанциясының хабарлауынша, шабуылды ұйымдастырды деп Венесуэлада шыққан Трен де Арагуа қылмыстық тобы күдікке ілінген. 

Соңғы жаңалықтар